Тәртіп сақшылары тексерісті күшейтті


Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәжілісінде төтенше жағдай талабын бұзған кафе-мейрамхана иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.
Бұл фактілер туралы «Төтенше жағдай кезінде коронавирустың алдын алу бойынша мемлекеттік органдар тарапынан қолданылатын іс-шаралар» тақырыбындағы брифингте Орал қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиев баяндады.


Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты кафе, мейрамхана, тамақтану орындарына кешкі саған 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат берілді. Межелі уақыттан кейін оларға полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, талапты бұзуға тосқауыл қояды, — деді полиция майоры Жантемір Таңатарұлы.


Полиция басқармасы өкілі мәлімдегендей, үстіміздегі жылдың 17 наурызында учаскелік полиция қызметкерлерінен, қалалық әкімдік мамандарынан, санитарлық талапқа жауапты мекеме өкілдерінен, еріктілерден қосымша төрт жұмыс тобы құрылған.
Жантемір Таңатарұлы осындай халық абыр-сабыр күйге түскен шақта мейрамхана иелері арасында төтенше жағдай талаптарын бұзғандар анықталғанын айтты. Нәтижесінде 22 әкімшілік құқық бұзушылық жағдайы тіркеліп, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен 19 материал қаралған. Соның ішінде тоғыз иелік иесіне 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (26510 теңге) айыппұл салынса, 10-ына екі тәуліктен он тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім шығарылған.
Сонымен қатар коронавирус қаупі басым шет елдерден келген азаматтар карантинге жатқызылған екі әлеуметтік нысан да- сақшылардың бақылауында.


Ләззат Салауатқызы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *