Ауғандық ардагерлерді құттықтады

Жуырда «Батыс су арнасы» басшылығы Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне байланысты ауған ардагерлерін құттықтады, ­- деп хабарлайды «Батыс су арнасы» ҚБ баспасөз қызметі.

Кәсіпорында  Ауған соғысының қатысушыларын жыл сайын құттықтау игі дәстүрге айналған. 2019-2020 жылдарға арналған ұжымдық шарттың «Қызметкерлерге әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер» атты 9б. 9.2.т. 9.2.9т. сәйкес 15 ақпан – Ауғанстаннан кеңес әскерлерін шығару күніне орай ауған ардагерлеріне ҚР бойынша 5 АЕК мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу қарастырылған.

Біздің кәсіпорында Чуреев Василий Николаевич, Карасаев Мендибай Галимович, Сұлтанғалиев Мәлік Сарсенбайұлы, Жумалиев Бекболат Салекенович, Лыков Константин Васильевич, Туманов Юрий Георгиевич, Хамитов Сержан Жумабаевич  сынды азаматтар көптеген жылдар көлемінде қаламыздың көркеюі үшін қызмет етуде.

Туманов Юрий Георгиевич – 1987 жылдан бері су тазалау құрылыстарының жөндеуші-слесарі болып жұмыс жасайды.Өз жұмысын аса жоғары жауапкершілікпен орындайтын және өзінің көп жылғы еңбек тәжірибесі мен дағдыларын жас мамандарға үйретуден жалықпайтын кәсіпорын ардагерінің бірі.

Чуреев Василий Николаевич – 12 жылдан бері кәсіпорындағы құрылыс-жөндеу учаскесінің бастығы, өз ұжымын шебер басқарып келеді. Учаске ұжымының жұмыстағы ұйымшылдығының арқасында Василий Николаевич бүкіл ұжымға сыйлы.

Сұлтанғалиев Мәлік Сарсенбайұлы, Жумалиев Бекболат Салекенович — 2009 жылдан бері, ал Карасаев Мендибай  Галимович 2015 жылдан бері кәріздік сорғы стансасының машинистері болып еңбек етеді, кәріздік сорғы стансаларының апатсыз жұмысы осы адамдардың жеке жауапкершілігі мен өз міндеттерін мінсіз атқаруына тәуелді.

Лыков Константин Васильевич – 2012 жылдан бері Су тазалау құрылыстарының автотиегіш-машинисі болып еңбектенуде. Кәсіпорынның ең жауапты учаскесінде өз міндетін абыроймен атқарып жүрген еңбегіне адал және ұқыпты қызметкер.

Хамитов Сержан Жумабаевич – кәсіпорынның Көлік цехында жүргізуші болып 7 жылдан бері жұмыс жасайды, біздің кәсіпорынның жүргізушілері тәулік уақытымен, өзінің жеке уақытымен есептеспей еңбек етеді, өйткені желідегі апаттар мейрамдар мен демалыстарды күтіп тұрмайды.

Олар ауған соғысында кеңес әскерінің құрамында отан алдындағы өз борыштарын атқарды, ал бүгінгі күні қаламызды үздіксіз сумен қамту мен суды бөлу ісіндегі өздерінің қызметтік міндеттерін орындауды жалғастыруда. Мерекелеріңізбен, ауған ардагерлері!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *