Жас режиссермен өткен кездесу

Жуырда Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында жастар жас режиссер Арайлым Ихсановамен кездесу кешін өткізді.

Басты мақсат – жастар арасында жасампаздық әлеуетін нығайту,адал еңбек иесін құрметтеу,үлгі тұту.

Биыл кітапханада жастар жылына орай ұлттық сананы жаңартып,рухани жаңғырудың қыр-сырын ашатын іскерлік,ұйымдастыру қабілеттерімен қала жұртшылығына,қалың көрермендерге танылып жүрген  бірқатар жастармен дидарласу кештері ұйымдастырылды. Солардың бірі – Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылық орталығының көркемдік жетекшісі,режиссер   Арайлым Жұмабайқызымен өткен «Мамандығым–мақтанышым» атты  кездесу кеші.

Кездесу кешінің иесі – халықтың рухани тыныс-тіршілігіне тың серпін беріп,киелі сахна,театр әлемінде жоғары креативті талғаммен,өзіндік қолтаңбасымен  зор үлес қосып жүрген жастардың бірі.

Кеш барысында Арайлым мамандығының қызығы мен қиындығы,шығармашылығы жайында әсерлі ойларымен бөлісті. Сондай-ақ қатысушы жастар шара қонағына түрлі тақырыптағы сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарға қанық болды. Кездесу жастардың кітапхана қонағы Арайлым Ихсановамен естелік суретке түсуімен түйінделді.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *