Батысқазақстандық қыздар қол күресінен жеңімпаз атанды

Жуырда Қызылорда қаласында қол күресінен ерлер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының кубогінен жерлестеріміз олжалы оралды.

Жарысқа еліміздің барлық аймағынан 200 ден астам спортшы қатысқан.  Жарыстың қорытындысы бойынша №4 балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Көркем Едігеева Мен Арайлым Қанатова қол күресінен жеңімпаз атанып, алтын медальға ие болды. Сондай-ақ додада  спортшы арулар «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағын орындады. Ал Әнел Альшинова жарыстың күміс жүлдесіне қол жеткізді. Жеңіс тұғырынан көрінген батысқазақстандық жас спортшыларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *