Өрт кезінде төрт адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында өткен демалыс күндері екі күн ішінде алты өрт орын алды. Шатыры, көп қабатты, жеке тұрғын үйлердің верандасы, моторлы бөлігі жанған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ, ­- деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы қызметі.

7 желтоқсан күні Орал қаласында төрт бөлмелі пәтерлі жеке тұрғын үйде, Короленко көшесі бойынша №59 үйде, №1 және №2 пәтерлердің шатыры, верандасы және жеке заттары жанған.

Кердері көшесі №13 үйдің №2 пәтерінде веранда жанды, сондай-ақ бірдей қашықтықтағы үйде осы нөмір бойынша пәтерде жартылай терезе рамалары және қаптама қабырғалары жанды.

Кердері көшесі 174 үйдің №22 пәтерінде, жатын бөлмесінде 5-қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында орналасқан пәтерде жиһаз, төсек-орын және жеке заттары жанған.

Жексенбаев көшесі № 67 үйдің 3-пәтерінде, 2-қабатты тұрғын үйдің 1-қабатында орналасқан пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Ал желтоқсанның сегізі күні Теректі ауданында, Самара-Шымкент а/ж 274 км, Газель а/ж-ның  мотор бөлігі, кабина және термобуткасы жанған.

Бәйтерек ауданы, Трекин а/о, Жайық ауылы, Набережная  к-сіндегі 274-үйде, екі қабатты тұрғын үйдің 1-қабатта орналасқан верандасы өртенді.

Өткен екі күн ішінде өрт орнынан 4 адам құтқарылды. 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 6 бала. 3 газ баллоны шығарылды.

Осыған байланысты Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдай департаменті  өрт кезінде қалай әрекет ету керектігін ескертеді:

— егер үйде (пәтерде) өрт орын алса, дереу 101 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлаңыз.

— терезелерді ашпаңыз, өйткені оттегінің түсуінен өрт күшейеді;

— жақын маңдағы барлық адамдардың қауіпті аймақтан шығу қажеттігі туралы ескертіңіз, оларды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдаңыз;

— электр қуатын өшіріңіз, газды жабыңыз;

— өрт ошағына су құйыңыз;

— мүмкіндік болса, корпуста көрсетілген дайындаушы зауыттың ұсынымдарын ескере отырып, өрт сөндіргіштерді пайдаланыңыз;

— түтіндеген бөлмеде жүгіріп немесе мұрын мен ауызды дымқыл сүлгімен жауып, қабырғаның бойымен шығу қажет;

— табада май жанған жағдайда оны үлкен тарелкамен жабыңыз, бірақ шүберекпен емес;

— өрт туралы хабарламада диспетчерге өрттің нақты орнын, мүмкіндігінше, көлемі мен сипатын, хабарлаған адамның тегін көрсетіңіз.

Пеш, каминді жылыту аспаптарын пайдалану кезінде:

— ақаулы пештер, каминдер және басқа да жылыту құралдарын пайдалануға болмайды.

— жеке тұрғын үй секторында пештер мен пеш құбырлары механикалық зақымданусыз пайдаланылуға тиіс, пешті жағу алдында жанбайтын материалдан жасалған жағу табағы болуы тиіс.

— пеш плитасында отындарды кептіру, пеш құбырының жанында шатырдағы үй-жайда құрғақ заттарды жинау сияқты өртке әкелуі мүмкін.

— пешті пайдалану кезінде жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға тыйым салынады.

— пештерді жағу үшін бензин, керосин, дизель отынын және басқа да тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға, сондай-ақ пештерді қыздыруға тыйым салынады.

— шатырдағы пеш құбыры әктелген болуы тиіс.

Есіңізде болсын!

Сіздің қауіпсіздігіңіз көп жағдайда Сізге байланысты! Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау — бұл сіздің игілігіңіздің, өз өміріңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаудың кепілі!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *