Жерлесіміздің кезекті жеңісі

Жерлесіміз Армат Қабдолов самбо күресінен Түркістан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңімпаз атанды.

23 жасқа дейінгі ерелер мен әйелдер арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 57 келі салмақ дәрежесінде белдескен батысқазақстандық палуан жеңімпаз атанды. Армат ­ –   №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы.  Жаттықтырушы-оқытушысы ­­­– Мейірім Базаров.

Айта кетейік,  самбошы Армат Қабдолов жастар арасында Тбилисиде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.  Ел намысын байрақты бәсекелерде қорғап жүрген спортшыны кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *