Елімізде азық-түлік түрлері қымбаттаған

Energyprom.kz сарапшылары көкөніс пен жеміс-жидектің және сүт пен ет, ұн мен жарма өнімдерінің қаншалықты қымбаттағанын талдаған, — деп хабарлайды baribar.kz

Елімізде қарашаға қарай жарма мен ұн, нан мен жұмыртқа, сүт пен ет және маусымдық көкөніс пен жеміс-жидек бағасы айтарлықтай көтерілген.

Қарашаға қарай маусымдық көкөністен қызанақ бір айда 12,8%, қияр 11%, сарымсақ 7,7% қымбаттады. Алайда пияз, сәбіз және қырыққабат, керісінше, арзандаған.

Күн салқындауына байланысты жеміс-жидек бағасы да өсті: соның ішінде цитрус жемістері (апельсин: +7,6%, лимон: +1,3%) және банан: +2,6%.

Ұн мен жарма өнімдерінің де бағасы айтарлықтай өсті: қарақұмық жармасы 8,6% қымбаттады, бірінші сортты ұн бағасы 4%, жоғары сұрыпты ұн бағасы 2%, тары бағысы 1,9%, арпа жармасы 1,5%, ұнтақ жармасы – 1,2% өсті.

Ұнмен бірге нан да қымбаттады: бірінші сортты бидай ұнынан жасалатын нан бағасы 2,1%, қарабидай нанының бағасы 2,1%, жоғары сортты ұн нанының бағасы 1,4% өсті.

Айта кетейік, 2019 жылдың қазан айының ортасында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасының аздап көтерілетінін ескертіп, бір бөлкенің бағасы шамамен 80-82 теңге болатынын айтты. Министрліктің баспасөз қызметі елдегі әлеуметтік нан бағасы белгіленген деңгейде қалады деп сендірді. Өйткені республикадағы астық пен ұн қорының жағдайы тұрақты. “Азық-түлік корпорациясы” ҰК” АҚ 350 мың тонна азық-түлік бидайын сатып алды және алдағы уақытта осындай мөлшерде тағы сатып алады.

Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамына қарамастан елде нан, соның ішінде әлеуметтік нан бағасы көтерілді. Ақтөбеде бір бөлкенің бағасы 1-7 теңгеге (87 теңге) дейін, Атырауда 20 теңгеге (95 теңге), Павлодарда 20 теңгеге (110 теңге) дейін көтерілді. Себебі ұн бағасы өсті.

Құс фабрикасы өнімдерінің ішінде жұмыртқа (+3,1%) және тауық еті (+1,4%) бір айда айтарлықтай өсті. Сүт сегментінде шикі сүт (+3%) және пастерленген (+1,4%) сүт, сонымен қатар сарымай (+ 2,5%) қымбаттады. Бір айда сиыр еті бірден 2,2%, шошқа еті 1,3% және қой еті 1,2% қымбаттады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *