Әйелдердің көбі жеке кәсіпорындарды басқарады

2019 жылдың 9 айында Қазақстанда әйелдер басқаратын заңды тұлғалардың саны былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 9,5% көбейіп, 90 100-ге жетті, — деп хабарлайды baribar.kz

Елде барлығы 295 500 заңды тұлға тіркелген. Әйелдер басқаратын компаниялардың үлесі – шамамен 30%. Бұл туралы Finprom.kz мамандарының зерттеуінде айтылады.

Әйел басшылардың көбі жеке кәсіпорындарды басқаратын болып шықты. Мұндай кәсіпорындардың саны биылғы 9 айда 76 100 болды, яғни 11,4% көбейді. Әйелдер көп басқаратын екінші құрылым – мемлекетке қарасты кәсіпорындар. Олардың саны 10 800, былтырғыдан 0,7% азайған.

Әйел басшылары бар үшінші негізгі құрылым – шетел кәсіпорындары. Әйелдер басқаратын шетел кәсіпорындарының саны – 3 200, көрсеткіш бір жылда 3,3% азайған.

Қазақстанда 87 600 шағын кәсіпорынға, 2 100 орта кәсіпорынға, 428 ірі кәсіпорынға әйелдер басшылық етеді. Мұндай шағын кәсіпорындардың саны биылғы 9 айда 8,7% артқан (еліміздегі барлық шағын кәсіпорынның 30,1%-і), әйелдер басқаратын орта кәсіпорындардың саны 1,8% артқан (барлық орта кәсіпорынның 35,4%-і), әйелдер басқаратын ірі кәсіпорындар саны 1,4% артқан (барлық ірі кәсіпорынның 18,1%-і).

Әйел басшылары бар кәсіпорындардың 64,3%-і немесе 13 938-і білім беру саласында. Finprom.kz сарапшыларының зерттеуіне қарағанда, білім беру әйел басшылардың саны ерлерден асып түсетін жалғыз сала болып отыр.

Әйелдер басқаратын кәсіпорны көп екінші сала – денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет: 48% немесе 2 821 кәсіпорын. Әйел басшылары бар кәсіпорындардың 42,1%-і немесе 2 569-ы қаржы және сақтандыру саласында.

Әйел басшылары өте аз салалар тау-кен өнеркәсібі (12,5%), электрмен қамту, газ, бу беру және кондициялау (14,7%), сонымен бірге ауыл, орман және балық шаруашылығы (15,3%) болып отыр.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *