Сулы-нулы өңірдің табиғатын қорғауда тыным таппайтын Ақжайық орман жəне жануарлар дүниесiн қорғау жɵнiндегi мекеменiң құрылғанына биыл — 38 жыл.
Адамзатқа ең қажетті іспен айналысып жүрген еңбек ұжымының мерекесі Ақжайық ауылдық округiнде ɵттi.
Салтанатты жиынға аудан əкiмi Əдiл Жоламанов қатысып, баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар кɵзiн қорғаушыларды шын жүректен құттықтады.
Мекеме жұмысының алға басуына атсалысқан қызметкерлер — Бекежан Сакбаев, Ботагɵз Абдуллина жəне Болат Сағынғалиев аудан басшысы Əдiл Тауфикұлының алғысхатымен марапатталды.
БҚО орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесi аумақтық инспекциясы Орман жəне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бɵлiмiнiң басшысы Дəурен Ескабулов атаулы күнге жиналған барлық тұрғындарға сəттiлiк тiлеп, үздiк қызметкерлер Болат Тоғжанов, Ержан Есболатов, Қанат Тулепқалиевке алғысхат табыс етті.
БҚО əкiмдiгi табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу бақармасының «Ақжайық орман жəне жануарлар дүниесiн қорғау жɵнiндегi» мемлекеттiк мекеменiң директоры Қайрат Есенғалиев те əрiптестерiне шығармашылық табыс тiледi. Осы мекеменiң ардагерi Ɵтеп Боранғалиев ізін басқан жас мамандарға ағалық ақыл-кеңесін айтты.
Оқушылар арасында күз мезгiлiне байланысты жасанды заттардан жасалған кɵрме сайысы ұйымдастырылған болатын.
Сол сайыс жеңiмпаздарын БҚО əкiмдiгi табиғи ресурстар жəне табиғат пайдалануды реттеу бақармасының «Ақжайық орман жəне жануарлар дүниесiн қорғау жɵнiндегi» мемлекеттiк мекеменiң директорының орынбасары Ернияз Майхарин марапаттады.
Құттықтаулар мен марапатқа толы шараны аудан ɵнерпаздары əсем əнмен әрлеп, кɵрерменнiң ыстық ықыласына бɵлендi.
Аягɵз Айтқалиева