Жасөспірімдерді құқық бұзушылықтан сақтандырды

Жуырда «Нөлдік төзбеушілік» қағидасын қалыптастыру мақсатында қаламыздағы №10 және №30  жалпы орта білім беретін мектептерінде мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды.

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шарға Орал қалалық полиция басқармасының Шаған Пб ЖПҚб ЮПб инспекторы Эльмира Култаева мен«Qalam» білім беру орталығының директоры  Алтынбек Рахметов қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты ­­­­­­– оқушылар арасында құқық бұзушылықты болдырмау және оның алдын алу.

Кездесуде білім алушыларға әкімшілік құқық бұзушылықтың қағидаларын түсіндіріп, оның болашақта тиетін кесірлері, баптар бойынша жазалану түрлері айтылды.

Қызықты тренингтер барысында тренер оқушыларға қиын мәселелерден қалай шығуға болатынын, өмірдің кез-келген мәселесін шешудің жолдары бар екенін түсіндірді.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *