Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Ернар Бекетұлы Бекетов тағайындалды.
Бекетов Ернар Бекетұлы 2014 жылы «Болашақ» бағдарламасымен Пенсильвания штатының университетін «Экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
— Орал қаласы әкімі кеңесшісі;
— Батыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі;
— Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысының орынбасары;
2019 жылдың наурыз айынан бастап Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.