Қазанның 8-і күні түскі уақытта белгісіз біреу Оралдағы «Территория одежды» дүкенінде тапаншаға ұқсас заттың күшімен дүкеншілерді қорқытып, ұрлық жасаған.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол ерлердің шалбарын, кеудешесін, костюмін және сөмкелер ұрлап кеткен. Орал қалалық полиция басқармасы Зашаған полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1992 жылы туған жігіт қолға түскен. Келтірілген шығын – 42 120 теңге.
Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазіргі уақытта ҚК-нің 191-бабы 2-бөліміне (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«PULS» ақпарат