Жуырда «Құқық бұзушылыққа және тәртіпсіздікке «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мақсатында қаламыздағы №47 жалпы білім беретін орта мектептің 11 сыныа оқушыларымен «Мен өмірді сүйемін» атты кездесу өтті.
Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған іс-шараға облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының, Орал қалалық полиция басқармасың жергілікті полиция қызметі бөлімінің жауапты инспекторлары арнайы шақырылды.
Кездесуде тәртіп сақшылары жоғары сынып оқушыларына ұсақ құқық бұзушылыққа жол бермеу, жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу мақсатында атқарылған іс-шараларға тоқталып, ақпарат беріп өтті. Еркін пікір алмасу алаңында оқушылар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар жөнінде сұрақтарды жиі қойды.Олардың сауалдарына қалалық полиция басқармасының ЖПҚб кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды топтың аға инспекторы полиция майоры Мадина Құспанова жауап берді. Ал «Жас қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің тренері Оралбек Жандауов оқушыларға осы бағытта тренинг жүргізді.
Аталмыш мектептің директоры Наталья Дүйсенғалиева мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатын ұстанған полиция департаменті мен мектеп ұжымы арасындағы бірлескен жұмыстардың нәтижелі болатынына сенім білдірді.
Гүламан Исмагулова,
Орал қ.ПБ баспасөз қызметкері