Жуырда Қостанай облысының Рудный қаласында тоғызқұмалақтан өткен чемпионатта жерлесіміз Жарасхан Сағынбаев чемпион атанды.
Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасындағы тоғызқұмалақтың блиц және рапид түрлерінен ұйымдастырылған жекелей чемпионатқа Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалалары жəне еліміздің тоғыз облысынан 80-ге жуық спортшы қатысты.
Оның ішінде екеуі – ҚР ЕССШ, он үші – ХДСШ, жиырма төрті – СШ, отыз алтысы – СШҮ болса, бесеуі- І дәрежедегі спортшы.
Жарыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтың блиц түрінен ерлер арасында Орал қаласының жоғарғы шеберлер мектебінің спортшысы Жарасхан Сағынбаев чемпион атанды. Ол 2020 жылы Өзбекстан Республикасында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Жерлесімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Гүлзинат ҚИБАТОВА