Арызды тіркеу тәртібі бұзылған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы прокурорлары қылмыстық істі зерттеу кезінде смартфонның ұрлануы туралы арыздың бірден тіркелмей, созбалаңға салынғанын анықтаған, — деп хабарлайды БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

2019 жылдың 27 мамырында Б. есімді азамат «Samsung J-1» маркалы ұялы телефонының ұрланғаны туралы арызбен Ақжайық полиция бөліміне жолыққан, алайда кезекші бөлімнің қызметкері С. оны қабылдамай, телефонның құжаттары мен қорапшасын сұраған.

 «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу туралы қағиданың» 5-тармағына сәйкес қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғалары кез келген қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдайды және арызды қабылдауды тәулік бойы жүзеге асырады (Бас Прокурордың 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №89 бұйрығы).

Ал бұл факті тек аталған жылдың екіншітамызында ғана Б. қайтадан арызданғаннан кейін полиция бөлімінде ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (ұрлық) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

9 тамызда медиация тәртібімен татуласуына және жәбірленушіге келтірген зиянды өтеуіне байланысты ҚК-нің 68-бабының негізінде прокурордың қаулысымен күдікті Г. қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

 Прокуратураның қадағалау актісі бойынша арызды тіркеу тәртібін бұзғаны үшін жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы А. және жедел кезекші инспектор С. «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *