Дәулескер күйшіні ұлықтады

«Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол» депұлы Абай айтпақшы, туғантопырағымыздыңсүйінерұлдарыныңбірегейі, күйшіТұяқбердіШәмеловкүйшібабаларымызданқалған бай мұрамыздыасылындайардақтап, кейінгіұрпаққажеткізуші алтын көпір болатын.

«Бүгін тағы еске алуға келдік қой, Ұмытпаспыз, ұмытпаймыз дедік қой. Өлгендерді ұмытпаудың өзі де, Қолдан сирек келетұғын ерлік қой» деп Ғафу ақын жырлағандай, күйшілік дарынының тамырын ұлы даланың саф таза өнерінің бастау бұлағынан алған, қасиетті өнердің алтын қадасы болып қағылған, халықтың ыстық ықыласына бөленген аяулы ұлын Алатаудың баурайындағы Алматы жұртшылығы мен жерлестері сағына еске алып, тағылымды шара ұйымдастырды.

Дегдар өнердің тереңіне бойлаған талантты тұлғаның күйшілік қарымы мен теңдессіз дарыны, азаматтық, қайраткерлік болмысы туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов, Тұяқберді күйшінің кіндік қаны тамған туған жерінен арнайы барған Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының директоры Асхат Қажғалиев, домбырашы, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері  Кәрима Сахарбаева сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Ел қызыққан өнері мен күйді тартуда өзгеше мәнері бар Тұяқберді ағамыздың аяулы жары Сәуле апамыз ерінің есімін ұлықтап, тұлғалық қасиетін дәріптеген ұйымдастырушыларға, игілікті шараның басы-қасында жүрген дәулескер күйшінің шәкірттері Нұрғиса Мұратұлына, Алматы қаласы әкімдігіне, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиевке аналық алғысын білдірді.

«Қай халықтың болса да, рухани әлеміне саяхат оның көне ескерткіштерімен, тарихи орындарымен танысудан басталатыны мәлім» деген екен мәдениет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков. Осы ретте тұманың тұнығы, асылдың сынығы, тарихты күймен тәпсірлеген дарабоз күйші, ұлтымыздың ұлықтауға лайық арда азаматына қатысты біздің музейіміздің қорында сақталған дүниелерден жасақталған көрмені айтулы шараның меймандарына таныстыруды өзіме зор мәртебе деп білдім. Көрмеге күйші ағамыздың Құрманғазы оркестрінде бас концертмейстер болған кездегі сахналық киімі, қолының табы тиген домбырасы, Нұр-Сұлтан қаласында Т.Шәмеловтің 60 жылдық мерейтойында өткен концертте Батыс Қазақстанның Дәулеткерей атындағы оркестрі сыйға берген шапаны, «Жаңақала ауданының Құрметті азаматы» атағын алғанда берілген марапаты, ІІ республикалық Ә.Есқалиев атындағы күй сайысына қатысқаны үшін 2012 жылы берілген төсбелгісі, күй жинағы жинақталған үн таспалары қойылды.

Жалпы бұл – талантымен ортасын мойындатқан күйші, пайымы терең азамат, өнерімен ұлтының ұйытқысынаайналған қайраткер, «Мың тұяқтың дүбірі – бір Тұяқтың саусағы» атанған күйші Тұяқберді Қажыгерейұлына деген мәңгілік сағынышты, терең құрметті жарқырата көрсеткен күн болды.

Мирболат ЕРСАЕВ,

БҚО тарихи-өлкетанумузейінің директоры

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *