Бүгін Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз еті жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.
Отырыста 2018 жыл мен 2019 жылдың 1-жартыжылдығындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде заңдылықты және сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері қарастырылды.
Облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев жазаны өтеу режимін бұзудың негізгі себептері мен шарттары — тыйым салынған заттардың, оның ішінде ұялы телефондардың мекемелерге енуі, сондай-ақ бейнебақылау және жазу жүйелерінің материалдық-техникалық жағынан жеткіліксіздігінен сотталушылардың мінез-құлқына тиісті бақылаудың болмауы екенін айтты.
Ұялы телефондарды пайдалану сотталғандарға «еркіндіктегілермен» қылмыстық байланыстарды қолдауға ғана емес, сонымен бірге жаңа қылмыс жасауға, алаяқтықпен байланысты басқа тыйым салынған заттарды, оның ішінде есірткі мен алкоголь жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік беріп отыр.
Есірткі және психотроптық препараттарды қолдану фактілерінің алдын алу мақсатында сотталғандарды тұрақты медициналық тексерулер мен есірткіге сараптама жүргізуі міндеттелді.
Қызметтің мүдделерін теріс пайдалану және сатқындық фактілері, қылмыскерлер мен «Ұлттық ұланның» әскери қызметкерлерінің кей жағдайда бірігуі айтылса, командирлерге өздеріне бағынышты қызметкерлердің жұмысын бақыламағаны үшін ең қатаң шараларды, қылмыстық қудалауға дейін қолдану тапсырылды.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сотталғандардың бос уақыттағы қозғалысы мен олардың мінез-құлқын бақылауды қамтамасыз ету, заманауи бейнетаспа жүйесін сатып алу және орнату, сондай-ақ жеке тұтқындарға «жайлы» жағдай жасауға жол бермеу қажеттілігі атап өтілді.
Сотталушылардың сот төрелігіне қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету, олардың арыздары мен шағымдарын сотқа, бақылау және қадағалау органдарына, сондай-ақ құқық қорғау ұйымдарына уақытында жолдау тапсырылды.
Ресоциализация аясында мекемеге келуге мүмкіндігі жоқ туыстарымен бейнебайланыс жасауды тәжірибеге енгізу ұсынылды.
Сонымен қатар, пенитенциарлық саладағы басты мәселенің бірі сотталғандарды жұмыс орны және ақылы еңбекпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі таңда колонияларда сотталғандардың тек қана жартысынан азы еңбекпен қамтамасыз етілген.
Облыс прокуроры аталған мәселенің тиімді шешімі ретінде кәсіпкерлерді ақысыз жалға берілетін бос өндіріс орындарына тарту қажеттігін көрсетті.
Кеңестің нәтижесінде бірлескен шаралар әзірленіп, уәкілетті органдарға облыстың түзеу мекемелерінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.