Кәсіби дағдыны дамытқан тренинг

Оралда белсенді жастарға арналған «Әлеуметтік инновациялар» семинар-тренингі ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында өткен аталмыш шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту саласында кәсіби білім мен дағдыларды игеру, өз идеялары мен жобаларын жүзеге асыру жолдарын іздеу, жастардың кәсіби байланыстарын арттыру. Жоба жастар жылы аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы (CISC)» КЕАҚ мемлекеттік гранты бойынша жүзеге асырылды.

Тегін ұйымдастырылған тренинг төрт тақырып аясында ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жастар әлеуметтік жобалау; әлеуметтік кәсіпкерлік; фандрайзинг; әлеуметтік коммуникациялар мәселелері бойынша кәсіби біліктіліктерін арттырды.

Оқыту іс-шарасы «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры жүзеге асыратын «Әлеуметтік жобалаудағы жаңа тәсілдерге оқыту бағдарламасын әзірлеу, gr, фандрайзинг, әлеуметтік коммуникациялар, білім беру курстары, елдің өңірлері бойынша Нұр-Сұлтан қаласында финалы бар және жастар үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларының конференциясын өткізу» жобасына негізделді. Осы ретте өзім «Үркер» өнер және мәдениетті қолдау орталығы» жеке қорының директоры А.Гумаровпен бірге осы жоба шеңберіндегі «Әлеуметтік инновациялар» жастар лигасы жаттықтырушыларына арналған республикалық тренингтің қатысушысы болдық.

Енді арнайы оқытылып, дайындалған жаттықтырушылар Орал қаласында оқыту іс-шарасын өткізіп, өз білімдерін аймақтағы жастарға таратуда.

Айболат ҚҰРЫМБАЕВ,

«Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры» жеке қорының директоры

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *