АҚШ-тың Орегон штатының тұрғындары Зак пен Николь өздері қазақы үй салып, ішіне орналасып алған. Бұл туралы Zakon.kz жазды.
Аталған киіз үй түсірілген бейнежазба YouTube әлеуметтік желісінде жарияланған. Бейнежазбаның сипаттамасында Зак пен Николь мұндай дәстүрлі үйге заманауи тұрғыдан көз салған.
Киіз үйдің диаметрі – тоғыз метр. Ол жайлы өмір сүру үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған және көптеген бірегей құрылымдық ерекшелігі бар.
«Киіз үйлер – әдемі, жайлы әрі функционалдық үйлер. Мына үй сәулеттік дизайнның нағыз қазынасы болып шыққан», — деп атап өтті бейнежазба авторы.
Дереккөзі: BAQ.KZ. сайты