Назарбаев Зияткерлік мектептеріне дайындаудың жаңа әдісі пайда болды

Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсу емтиханына дайындайтын жаңа онлайн-курс ашылды. Оны НЗМ мамандары Academia.kz ресурсымен бірігіп шығарды. Онлайн-курс — пайдалы кеңестерге толы виртуал алаң. Мұнда сынама тапсырмалар мен шешімдердің талдауы бар. Біз бұл онлайн-курсты сынап көрдік.

Жыл сайын ата-ана Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабылдау емтиханына баласын дайындау үшін біраз қаражат жұмсайды. Қазақстан бойынша жүздеген оқу орталығы дайындықтың бірегей әдістемесін ұсынады. Ал 6-сыныпта оқитын мыңдаған оқушы сабақтан соң демалмастан “НЗМ-ға түсудің сырын үйретемін” деген репетиторларға кезек-кезек барумен әлек болады.

“Назарбаев Зияткерлік мектебі” ДББҰ “Педагогикалық өлшемдер орталығы” филиалы мен Academia.kz Педагогикалық шеберліктің виртуал лабораториясымен бірлесе отырып, онлайн-форматта дайындалуға арналған альтернатив әдістемесін ұсынады.

“НЗМ-ға түсу үшін қалай дайындалу керек және мүмкіндіктеріңді бағалау” курсын Назарбаев мектебінің әдіскерлері дайындады. Ол 15 сабақтан тұрады. Әр сабақ — жеті сағат. Ал бағасы — 12 мың теңге. Төлем жасаған күннен бастап курс 30 күнге ашылады. Қазақ не орыс тіліндегі нұсқа бөлек сатылады.

Онлайн-курстың құрамы қандай?

Мұнда конкурстық іріктеудің барлық ақпараты, мысалдар мен тапсырмалардың шешімі, жаттығулар жинақталған. Басқа курстардан ерекшелігі — өткен кезеңдерге оралуға мүмкіндік бар. Түсінбеген жеріңді қайталап, жаттығуға болады.

Бұл онлайн-курстың әр тарауын өткен оқушы ең басты қасиет — жауапты емтиханға дайындалудың логикасын үйренеді.

Бірінші ақпараттық блокта маңызды нәрселерге сипаттама берілген. Онда барлық құжаттың тізімі мен қабылдау ережесі, жауаптар парағының үлгілері мен тіпті, емтихан өтетін бөлменің видеосы бар.

Дәл осы блоктағы “Психологиялық кеңестер” бөлімінде емтиханға моральдық түрде қалай дайындалған жөн, емтихан алдындағы қорқынышты қалай жеңуге болатынын айтатын видеошолулар бар. Мұнда қорқынышты жеңу амалдары, демалу гимнастикасы, пайдалы қондырғылар және тағы да басқа тақырыптар кеңінен қозғалған.

“Емтиханнан емес, оның нәтижесінен қорқатын боларсыз. Ойыңызға құлақ салып, өзіңізге не айтаныңызды еске түсіріңіз. “Мен бәрінен де әлсізбін”, “Беске тапсырмасам, ата-анамның көңілі қалады”, “Менің қолымнан ештеңе келмейді”. Таныс па? Қорқыныштың басты себебін тауып, оны жазып алыңыз, не болмаса ол туралы сенімді адамыңызбен сөйлесіңіз, талқылаңыз. Жағдайға сыни тұрғыдан қараңыз. Сіздің математикадан алған екіңіз шынымен де ештеңеге қабілетіңіздің жоқ екенін дәлелдей ме? Қорқыныштан әрең демалып тұрғанда ата-анаңыздың жағдайы сізден де нашар бола ма?

“Әдістемелік нұсқаулар” бөлімінде пайдалы видео бар. Онда емтиханда және оған дайындық кезінде қалай зейін қойып, ой жинақтау керек екені айтылады. Сонымен қатар бұл бөлімнен қандай әдістер арқылы материалды жақсырақ игеруге болатынын біле аласыз.

Ақпараттық блока “Ата-аталар үшін” деген маңызды бөлім бар. Ол жерде ата-анаға абыржымауды, баланы сынамауды, тіпті, сәтсіздік жағдайы бола қалса, “Б” жоспарын құруды үйретеді.

Дайындалу принциптері

Онлайн-курс ойды жинақтап, қарқынды дайындалуға көмектесе отырып, сәтті финиш тактикасын өндіреді. Ол тестте кездесетін материал мен тапсырмалардың үлгісін қамтиды. Ой-өрісті кеңітетін артық жаттығулар мен қосымша әдебиет болмайды. Тесттен оңай өту үшін оны критерийлері бойынша қатаң орындау керек. Нәтижесінде онлайн-курс оқушыға емтиханда пайдаланатын білімін сынап, бәрін бір жүйеге келтіруге көмектеседі.

Қабылдау емтиханының бірінші күні жаратылыстану-математика бағытындағы қабілетті анықтау үшін “Математика” мен “Сандық сипаттамалар” бойынша өтеді.

Бұл онлайн-курстың “Математикалық сауаттылық” тарауы 5-сынып пен 6-сыныптың алғашқы үш тоқсанын қамтиды. Емтиханда кездесетін есептерді шешуді үйренуге математикалық жаттығулар дайындалған. Оны орындаған соң толық жауаптары мен шешу жолдары беріледі.

Көптеген дарынды оқушы үлгерімді анықтайтын стандарт тестті бес саусағындай біледі. Сондықтан НЗМ-ге қабылдау емтиханында “Сандық сипаттамалар” тесті бар. Ол оқушының сандар арасындағы байланысты көре алуын, оны математикалық және логикалық ойлауында пайдалануын бағалайды. Сонымен қатар онлайн-курс тапсырмалардың шешімдер принципін талдайды, ал жаттығулар оны бекітеді.

Қабылдау емтиханының екінші күнінде қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен тест өтеді. Мұндағы тапсырмалар қатып қалған ережелердің жатталғанын емес, оқу сауаттылығына деген қабілетті анықтауға бағытталған. Үш тіл бойынша тапсырмалардың мысалдары талданған. Оны жақсылап қабылдау үшін бұл бөлімді диктор түсіндіреді. Ол оқушылармен тесттегі ақпаратты сараптап, тексті түсіне отырып, сұрақтарға жауап іздеуді үйретеді. Сонымен қатар ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көріп, тұжырым жасауға көмектеседі.

Ең бастысы — дайындықтың қорытынды кезеңінде бұл курстың пайдасы мол. Жаттығып, емтихан форматына бейімделсеңіз болғаны.

baribar.kz

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *