Қамқорсызға қамқор болу, қорғансызға жәрдем беру, жас ұрпақтың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді дарыту – баршамыздың міндетіміз.
Мектебімізде биылғы 10 қаңтарда республикалық «Қамқорлық» акциясы басталды. Шараның негізгі мақсаты —әлеуметтік санаттағы отбасылардың ұл-қыздарына қаржылай және материалдық көмек көрсету. Қамқорлық акциясына мектеп мұғалімдері мен окушылар, ата-аналар, қамқоршылық кеңес мүшелері белсенді түрде өз үлестерін қосуда. Атап айтсақ, қалалық мәслихат депутаты Тұрарбек Тлемісов азық-түлікпен қамтамасыз етсе, ата-ана Балғайша Жылтықаева мен Жансулу Таджимова демеушілік көмек көрсетті. Мектеп әкімшілігі атынан ұстаздарымызға, ата-аналарға және депутат Тұрарбек Тлемісұлына алғысымызды білдіреміз. Болашағымыз жарқын болсын десек, бір-бірімізден қолдан келер қамқорлығымызды аямайық. Аталмыш акция алдағы 10 ақпанға дейін жалғасады.
Бақытгүл ЗИНУЛЛИНА,
№14 ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары