Еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде балалар депозиті бойынша жиналған қаражат сомасы 10,7 млн теңгені құрайды екен. Қазіргі кезде осы қызметті пайдаланып, 164 817 ата-ана өз балаларына депозит ашқан. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Банк таратқан мәліметке сүйенсек, осыдан бір жыл бұрын балалар депозитінің саны 144 682-ні құраған.
«Негізінен, банктегі шоттар 1 жастан 10 жасқа дейінгі сәбилерге ашылған. Қазіргі сәтте осы жас аралығындағы балалардың атында 88 761 депозит бар. Екінші орында тұрғандар – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 10 жастан 18 жасқа дейінгі салымшылары. Оларға ашылған жалпы депозит саны – 65 480. Ал, үшінші кезекте – банктің ең кішкентай клиенттері, яғни, 1 жасқа дейінгі сәбилер. Олардың атына бүгінде 10 576 депозит ашылған», — деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.