Жайықтың жағасын САЗҒА бөлеген ФЕСТИВАЛЬ


Оралда «Қала күні-2019» мерекесі аясында аймақтық III «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі өтті.

Биыл үшінші мәрте Жайықтың жағалауында ұйымдастырылған өнер кешін қала әкімі Абат Шыныбеков көпшілікпен бірге тамашалады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бабалар үнін бүгінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат тұтқан аталмыш шарада жиырма шақты жергілікті дәстүрлі әншілер мен күйшілер өнер көрсетті. Атап айтқанда, Едіге Нәбиев, Зияш Аманғалиева, Асхат Оразов, Күләш Қуанышқалиева, Мереке Есқайыров,Ақылбек Бектасов, Армат Алдамжаров сынды түрлі байқауларда топ жарып жүрген танымал өнер иелері, «Оралым» фольклорлық ансамблі, бүгінгі сахнада тұсауы кесілген этно-фольклорлық ансамблі терме-күйлерін күмбірлетіп,кештің шырайын келтірді.


Фестивальдің басты қонағы — республикалық, халықаралық өнер байқауларының лауреаты, атыраулық «SARMAD» этно-фольклорлық ансамблі. Ансамбльдің жетекшісі — Бауыржан Ақтаев. Сонымен қатар өнер кешінде балғын өнер жұлдыздары домбырада халық әндерін орындап, «Салтанат» би ансамблі мың бұрала билеп, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Орал шаһарының төл мерекесі аясындағы әдемі шараны қалалық әкімдіктің қолдауымен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Жастар мәдениет үйі ұйымдастырды.
Өнер кешінің соңында шаһар басшысы Абат Абайұлы тұрғындарды мерекемен құттықтап, фестивальге қатысушыларды марапаттады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА


Л



Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *