Асатаяғында лифтісі бар монумент орнатылмақ

Бұл жаңалықты «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Арман Шораев өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.  Сәулетті ғимаратқа Абылай ханның ескерткішінің эскиздік жобасы ұсынылған.

Ескерткіштің іргетасы ретінде пайдаланылатын ғимаратта мұражай экспозициясы, конференц-зал, көрме залы және тағы басқалары орнатылады деп жоспарлануда. Монументтің жалпы биіктігі – 54 метр. Ханның асатаяғында айналаны тамашалайтын алаңға шығатын лифт орнатылады. Хан Абылайдың мүсіні тот баспайтын болатпен қапталып жасалмақ.

«Мұның эскиздік жоба екенін ескере отырып, жобаны арзандату және эстетикасын жақсарта түсу мақсатында кәсіби сәулетшілерден кәсіби тұрғыда ұсыныстар мен пікір алғым келеді», — деп жазды Арман Шораев.

Сондай-ақ, ол мұндай жобалар елімізге ұлттық сана-сезім мен отансүйгіштікті арттыру элементі, сонымен қатар ішкі және сыртқы туризмді дамыту тетегі ретінде қажет деп сенім білдірген.

«Мұндай мемориал далалықтардың ұлы билеушілерінің бірін еске алуға арналған құрмет ретінде қажет екеніне сенімдімін. Абылайдың арқасында жоңғарларға күшті қарсылық көрсеті және біздің ата-бабаларымыз территорияны бақылауға алып, этнос ретінде сақталды», — деп атап өтті «Қазақстан Барысы» даму қоры Қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *