Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры болып Мейірбек Сағындықұлы Тілеулиев тағайындалды деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.
Мейірбек Тілеулиев 1981 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол прокуратура органдарында үздіксіз 15 жылдан астам қызмет атқарған екен.
2004-2007 жылдары Орал қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі:
2007-2009 жылдары арасында Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры;
2009-2018 жылдары Бас прокуратураның тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау департаментінде басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім бастығы және Бас Прокурордың көмекшісі қызметтерін атқарған.
2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қыркүйегіне дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданының прокуроры болып қызмет жасаған.
Ведомстволық медальдармен марапатталған Орал қаласының жаңа прокуроры үйленген, отбасында төрт баланың әкесі.
«PULS» ақпарат