Облыстың бас имамының аудандарға жұмыс сапары басталды

ҚМДБ-ның облымыздағы өкіл имамы Мұратбек қажы Қыстаубаев алғашқы жұмыс сапарын ғасырлық тарихы бар Жалпақтал ауылдық мешітінен бастады.

Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы, дінтану ғылымдарының магистрі Тілепберген Нұрәлиев облыстық «Орал» орталық мешітінің бас имамы Мұратбек Қыстаубаевты алдымен мешіт жамағатына таныстырды. Бас имам Мұратбек Мұхтарханұлы жиналған жамағатқа бірлік пен ынтымақ жайында уағыз айтып,  оларды толғандырып жүрген сауалдарға жауап берді.

Аудандағы кездесу мекеме басшыларымен, ауыл тұрғындарымен және  белсенді  жастармен жалғасатын болады.

Нұрлан САМАТҰЛЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *