Ақсайлықтар мерекенің маңызын арттырды

Биыл Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында Құрбан айт мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді.

Бөрлі ауданы әкімдігі тарапынан құрбан шалуға рұқсат етілген  орындарда мереке күндері барлық рәсімдер ойдағыдай орындалды. Жалпы 300-ден астам қой сойылып, әлеуметтік аз қамтылған 200 отбасыға ет үлестірілді.

Құрбан айт күндері мешіт жамағаты арасында спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Бұл мереке – Алла разылығына жетелейтін ізгі амалдар мен мол сауаптар науқаны. Құрбан айтта көптеген игі шаралар атқарылып, адамдар бір-бірін құттықтайды. Өзара ренжіскендер татуласып, көңілдегі кірбіңдер кетеді. Сөйтіп елдің ынтымағы артып, құт-береке орнайды. Мерекенің тағы бір ерекше тұсы – құрбандық шалу және шалынған құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру. Сол арқылы оларға қуаныш пен шаттық сыйлау. Бұл ретте ақсайлық ағайынның мерейі үстем болды.

Үміт ІЗТЕЛЕУ,

Бөрлі ауданы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *