Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Мұрат Мұқаев тағайындалды,-деп мәлімдеді «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы.
Жаңа лауазымға ие болған Мұрат Рахметұлы бұған дейін Орал қаласының әкімі болып қызмет атқарған болатын.
Мұрат Мұқаев 1969 жылы туған. Екі жоғарғы білімі бар (бухгалтерлік есеп, экономист, заңгер мамандығы бойынша).
Еңбек жолын 1992 жылы аудандық деңгейде салық инспекциясының есепке алу жөніндегі инспекторы болып бастады.
1994—1997 жылдары банк саласында жұмыс істеді;
1997—2011 жылдары Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бойынша кеден саласында қызмет атқарған;
2011—2013 жылдары Орал қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, 2013 – 2016 жылдары Жәнібек, ал 2016—2017 жылдары Теректі аудандарының әкімі лауазымы қызметінде болды.
2017—2019 жылдары Орал қаласының әкімі болып қызмет атқарды.
Бұған дейін «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында облыстық филиалдың барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялармен жұмысын айтарлықтай күшейту керектігін айтқан болатын.
«PULS» ақпарат