БҚО прокурорларының өтінішхаттары қанағаттандырылды

«Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының екі апелляциялық өтінішхаты бойынша 30,7 млн. теңгенің мемлекет шығындарына жол берілмеді» – деп мәлімдейді БҚО прокуротурасы.

Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 26 қазандағы және 30 қарашадағы шешімдерімен «Нефрос Азия» және «БИОС» ЖШС-нің талап-арыздары бойынша «ҚР ДСМ Фармация комитетінің БҚО бойынша департаменті» РММ-нен 3 млн. және 27,7 млн. теңге негізсіз шегерімдердің сомалары өндірілген.

Департаментпен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша шарттар жасалғаны және олардың талаптарының бірі тариф өзгерген жағдайда көрсетілген қызметтердің құнын түзету және медициналық қызметтердің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелері бойынша қаражатты алу екені анықталған.

«Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу туралы» Ережесінің 2-тармағына сәйкес (ҚР ДСжӘДМ 2015 жылғы 28 шілдедегі №627 бұйрығымен бекітілген) қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комиссия медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау нәтижелерін есепке ала отырып, көрсетілген ТМККК үшін ақы төлеуге жататын сомаларды айқындау үшін құрылады.

Актілерді зерделеу нәтижесінде көрсетілген сомалар қызметтерге ақы төлеу жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен шегерілген.

Комиссияның шешімдері дауланбаған және бұзылмаған, сондықтан мүдделі органдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Облыстық соттың апелляциялық инстанциясы талапкерлермен қызмет көрсетудің нақты дәлелдерін ұсынбағанын ескеріп, 2019 жылғы 19 ақпан мен 11 наурыздағы өзінің қаулыларымен сот шешімдерінің күшін жойып, прокурордың апелляциялық өтінішхаттарын қанағаттандырған.

«PULS»ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *