Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балаларын алты жастан кейін мектепке берген ата-аналарға айыппұл салынбайды,–деп хабарлады.
«Бірінші сыныпқа келетін бала мектепке келген кезде оқып, жаза білуі керек деген заң жоқ. Бірініші сынып бағдарламасы оқу дағдылары жоқ балаларға арналған. Сондықтан олар бірінші сыныпта әріп танып, сандарды санап, оқуды үйренуге келеді. Бес жасар балаларға келетін болсақ, заң нормасы бар. Мен мемлекеттік қызметкер ретінде бұл нормадан аттап кетуге болады деп айта алмаймын. Сондықтан мектепке алты жастан барады. Бірақ ол ата-ананың өз шешімі. Алты жастан бастап келмеген балалардың ата-анасына айыппұл тағайындамаймыз», – деді министр мәлімдемесінде.
«PULS»ақпарат