Жуырда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай прокуратура органдарының қызметкерлері арасында өткен шағын футбол турнирінде БҚО прокуроры Асылбек Иманғалиев «Үздік қорғаушы» атағын жеңіп алды, – деп хабарлайды БҚО прокуротурасының ресми сайты.
«Қоныс» спорт сарайында батыс өңірінің прокуратураларының құрама командалары 23-24 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін финалдық турнирге қатысу құқығын жеңіп алу үшін бақ сынасқан.
Нәтижесінде Маңғыстау облысының прокуратурасының құрамасы 1:0 есебімен Ақтөбе облысының командасын ұтып, жеңімпаз атанған.
Дауыс беру нәтижесінде Аслан Досымбаев (Атырау) — «Үздік шабуылшы», Асылбек Иманғалиев (БҚО) — «Үздік қорғаушы», Ержан Байгулов (Маңғыстау) «Үздік қақпашы» болып танылған.
Бұған дейін, 2012 және 2016 жылдары БҚО прокуратурасының құрамасы шағын футболдан ведомстволық турнирді екі рет жеңіп алған екен.
«PULS» ақпарат