ТҰРҒЫНДАРДАН 35 СҰРАҚ ҚАБЫЛДАНДЫ

Орал қаласында полиция қызметкерлері тұрғындармен жүздесіп, «Ауладағы қабылдау» акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты – тұрғындармен арадағы байланысты нығайту, полиция қызметінің ашықтығын жариялау, облыс пен қала тұрғыдарымен көзбе-көз кездесіп, арыз-шағымдарына құлақ түру.

Полиция қызметкерлері тұрғындар сұрағына нақты жауаптар беруде. Кей азаматтарға құрылымдық бөлініс бастықтары мекен-жайы бойынша жауаптарын почта арқылы жөнелтетін болды немесе ұялы телефондарына міндетті түрде хабарласып жауабын айтуға келісті.

Өткен сенбіде Құрманғазы көшесі №173 үй, Евразия даңғылы №57 үй, Есқалиев көшесі №176 үй, Жүнісов көшесі №99/1 мекен-жайларында ұйымдастырылған қабылдау барысында тұрғындар жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты сұрақтарды жиі қойды. Нақтырақ айтсақ, түнгі сағат 24.00-ге дейін жасөспірімдердің ауладағы спорт алаңдарында доп қуалап ойнайтыны, олардың қауіпсіздігі мен өміріне кім жауапты, неліктен мектеп инспекторлары үй аулаларын тексеріп,  жасөспірімдердің түнімен алаңда жүрмеуін қадағаламайды деген өтініштерін жиі айтты.

Екі күнде тұрғындардан отыз бес сұрақ қабылданды, оның 27-сі жол белгілеріне қатысты болса, төртеуі жасөпірімдер тәрбиесіне қатысты, 4-і учаскелік полиция инспекторларының  қызметіне байланысты қойылды.

«Ауладағы қабылдау» акциялары алдағы күндері де жалғасын табады.

Орал қаласы

Полиция Басқармасы

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *