Қазақстандық бұрымды 30 секундта 17 тонналық жүк машинасын қозғады

Пауэрлифтинг бойынша Азия чемпионы алматылық Дарья Нестерова 17 тонналық жүк машинасын сүйреді деп хабарлайды «BAQ.KZ» сайты.

Дарья Нестерова құрыштай дене бітімі және спорттағы жетістіктерімен ғана көпшілікке танымал емес. Ол ауыр жүк көліктерін сүйреумен де шұғылданып келеді. Мысалы, алматылық аруға жеті тонналық жүк машинасын немесе 50 жолаушысы бар 22 тонналық трамвайды орнынан қозғалту түкке тұрмайды.

«Мен жай ғана қасынан өтіп кете алмадым. 17 тонна – 30 секундта! Мен өзімді тежедім, бірақ трек-пулуға деген махаббатым басым түсті» дейді ол.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *