БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде 28 маусым –  бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып белгіленді. Осыған орай бүгін облыс әкімі Ғали Исқалиев мереке иелерін арнайы қабылдап, құттықтады.

– Сіздердің қызметтеріңіздің маңыздылығы орасан зор. Жан аямай еңбектене жүріп, өңір тұрғындарының өзекті мәселелерін билікке жеткізуге, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын халық арасында кеңінен насихаттауға елеулі үлес қосып келесіздер. Осындай атаулы күннің өзі журналистер қауымының қоғамдағы беделін айшықтай түседі, – деді Ғали Нәжімеденұлы өз құттықтауында.

Өңір басшысы қазіргі қоғамдағы ақпарат жеткізуші құралдар мен әлеуметтік желілердің ерекшелігіне тоқталды.   Сонымен қатар қалам ұстаған тілшілер қосынының жұмысы жемісті, еңбектері табысты болуын тілеп, алдағы уақытта да қос тараптың әріптестік қарым-қатынасы нығая түсеріне сенім білдірді.

Мерекелік қабылдау барысында бір топ бұқаралық ақпарат құралдары саласы қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен, гүл шоқтарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ақпарат әлемінде уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерін қала әкімі Мұрат Мұқаев та қабылдап, ерекше құрмет көрсетті. Сонымен қатар жауапкершілігі мол мамандық иелерін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы, қалалық мәслихат, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы облыстық филиалы, салалық департаменттер мен басқармалар да арнайы құттықтады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА,

Т.ТОҚМАМБЕТОВТІҢ суреті                                                    

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *