Жаз келіп, күн ысығанда шөлімізді басу үшін жақын дүкенге кіріп, салқын сусынды сатып аламыз. Ыстық күнде газдандырылған сусынды ішу ағзаға зиян . Шөліңізді басқыңыз келсе «PULS» ақпараттық порталындағы massaget.kz ұсынған кеңеске құлақ асыңыз.
Салқын әрі таза су
Мамандар күніне 1,5-2 литр су ішуге кеңес береді. Ол жасушаға қорек болып, организмдегі артық заттарды шығарады. Ағзаға сұйықтық сіңуі үшін салқын әрі таза су іщкен абзал. Шөл қануы үшін суды бірден ішпей, сәлден жұтқанда сіңімді болады.
Ыстық шәй
Біз үшін аптап ыстықта шәй ішу таңсық құбылыс емес. Ыстық шәй шөліңізді бірден басып, дене температурасын бір қалыпта ұстайды.
Қызанақ шырыны
Сусындардың ішінде пайдалы әрі құнарлысы – қызанақ шырыны. Суды не шәйді ішкісі келмейтіндер үшін қызанақ шырынын ішкен жөн. Тәтті шырын шөліңізді бірден басады.
Гүлзинат ҚИБАТОВА