Кемеңгерліктің отыз жылдығына арналған көрме


Бүгін облыстық тарихи-өлкетану музейінде еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарғанына 30 жыл толуына орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты көрме ашылды.


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы 1989-1991 жылдары Қазақстан КП ОК-нің бірінші хатшысы қызметін атқарса, 1990 жылы ақпан-сәуір айларында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы, 1990 жылдың сәуірінен – ҚР-ның Президенті, ал 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет өткізілген жалпыхалықтық президент сайлауында ел халқының басым дауысымен жеңіске жетті. Осы арадағы отыз жылда Тұңғыш Президент тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне, қиын кезеңдерді еңсеруіне, қазақ елін әлемге танытуға, тұрақты дамудың озық үлгісін көрсетуге зор еңбек сіңірді.
Көрменің ашылу салтанатында сөз алған облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев:


– Бірлік пен татулықты ту еткен еліміз тәуелсіздік алғалы түрлі тарихи оқиғалардың, бақытты сәттердің куәсі болдық. Елбасы қай кезде де батыл шешім жасап, елімізді даму жолына бағыттап отырды. Өздеріңіз білесіздер, ата-бабаларымыз өз заманында талай нәубет кезеңдерді, қайғы-қасіретті, көптеген қиыншылықты бастан кешірді. Мұны да естен шығаруға болмайды, – деді.


Бұдан соң шараға қатысушылар көрмеге қойылған жұмыстарды тамашалады. Көрмені музей экскурсоводы Жанаргүл Срымова таныстырып өтті. Көрмеге Елбасының кітаптары, қолтаңбасы қойылған жазбалары, тұтынған заттары, фотсуреттер қойылған. Көрме шілде айының басына дейін келушілердің назарына ұсынылатын болады.
Ләззат ҚАЖЫМОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *