Қартаймау – бұл өнер

Көтеріңкі көңіл-күй мен ширақ қоғалыс — тез қартаймаудың құпиясы. Сонымен қатар өзіңді кей дүниелерден шектеу бойдағы қарттықты азайтады. Жастық қалпыңызды сақтау — өз қолыңызда. Бұл жайлы массагеттіктер ұсынған massaget.kz пайдалы ақпаратты оқи отырыңыздар.

Жасымыз нешеге келсе де, өзімізді үнемі жас сезінеміз. Қанша жылға жетсек те, қарттықты мойындағымыз келмейді. Ал осы ойға лайықты болып жүру үшін қандай қателікке жол бермеу керек?

Тәттіге шек қою. Тәттіні тым көп жеген денсаулыққа зиянды. Бірақ өмірлік үйлесімділікті де естен шығармаңыз. Сымбатты мүсінмен салыстырғанда, жақсы көңіл күй де маңызды. Тәтті жеп көңілі көтерілген жан өмірі де ұзарады. Бірақ тек мөлшерін біліңіз. Анда-санда ғана жеуге дағыланып, басқа кезде балғын және кепкен жемістер, көкөністер жеңіз.

Майға шектеу қою. Адамдар арықтау мақсатында диетаға отырғанда, құрамында майы бар тағамдардан түгелдей дерлік бас тартады. Бұл салмақ тастау үдерісін тездеткенімен, ағзаның өзге мүшелеріне зиян. Әсіресе теріге май жетіспеген жағдайда, тез әжім түскіш болады. Сондықтан жаңғақ, қаймақ, балық тағамдарынан бас тартпаңыз.

Теледидарды ұзақ уақыт көру. Теледидар алдында тапжылмай, бір сағат жату 22 минут өмірді қысқартады. Пайдалы-пайдасызын сорттамай қабылдап, миды толтыра бермеңіз.

Сусынды түтікпен ішу. Бұл кезде ерін жиырылады да, айналасына әжім түзіледі. Бұл кеңес темекі тартатындарға да қатысы бар.


 Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *