Ардагер-тоғызқұмалақшылар

11-12 маусым күндері Орал қаласының Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тоғызқұмалақтан рапид түрі бойынша ардагерлер арасындағы облыстық турнир өтті.

Жарыста Теректі, Бәйтерек, Қаратөбе аудандары мен Орал қаласынан жиырмаға жуық спортшы бақтарын сынады.

Нәтижесінде 40-60 жас арасында бірінші орынды Бисенова Гүлзада (Теректі ауданы) иеленді. Айтуған Мирас (Бәйтерек ауданы) екінші орыннан көрінді. Мүбарак Өтеген мен Сағынып Мұрат жүлделі үшінші орынды бөлісті.

Алпыс жастан жоғары тоғызқұмалақшылар арасында Қанапия Қаяпбергенов (Орал) топ жарды.Жарыстың екінші орынын Қазбек Утеғалиев (Бәйтерек) алса, Талап Ниязов (Орал) үшінші дәрежелі дипломға ие болды.

Спортшыларға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының арнайы дипломы мен медалдары табыс етілді.

Гүльзинат КИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *