Қасиетті айда жүз отбасыны қуантты

Рамазан айында Ақсайда 100 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Мұндай игілікті шара Бөрлі аудандық мұсылмандар мешіті ұйымдастырған «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасы аясында көрініс тапты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Нұр-Сұлтан өкілдігінен бастау алған «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасының негізгі мақсаты – берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау. Бұл туралы ауданның бас имамы Қанат Жакенов мәлімдеді.

Бөрлі аудандық мешітінде өткізілген шара барысында мешітте тіркелген Ақсай қаласы, Бөрлі, Бумакөл, Ақсу, Александров ауылдарының әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы 100 отбасына азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді.

Бас имамның айтуынша, бұндай қайырымдылық шаралары  тек қасиетті айда емес, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Үміт ЖӘҢГІРОВА,

Бөрлі ауданы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *