Аудан ардагері Айтжан Жұмағазиев ел чемпионатынан жүлделі оралды.
Мамыр айының 12-18 күндері аралығында Қызылорда қаласында тоғызқұмалақтан ардагерлер арасындағы Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты өтті. Спорттық шара спорт ардагері Секина Қырмызы Құрманқызының 70 жылдық мерейтойына арналды. Жарыс қорытындысы бойынша жерлесіміз, Қазталов ауданының ардагері Жұмағазиев Айтжан ағамыз 60 жастан жоғары ардагерлер арасында қола медальға ие болды.