Қарияға құрмет — басты міндет

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігі де ардагерлерді ардақтауда.

Осы аптада облысымыздың бас имамы Еркебұлан Қарақұлов пен Оралдағы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Əбдірахманов соғыс ардагері Қайыржан Бəйменовтің үйіне арнайы барды. Олар қарияны 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр — Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

96 жасты еңсерген ақсақал, соғыс ардагері Қайыржан Бəйменовке Отан үшін арпалысқан ерлігі үшін бүгінгі ұрпақ атынан алғыс айтып, естелік сыйлық табыстады.

Тəжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *