АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА

«Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері Шыңғырлау ауданына қарасты Ащысай ауылының тұрғындарымен кездесті. Жүздесуге Азамат Сафималиев, Ербол Салықов және Айболат Құрымбаев қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасындағы міндеттер мен өңірді дамытудың басым бағыттарын таныстырды.

— Бағдарламада ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын дамытуға, жол сапасын жақсартуға, елді мекендерді инженерлік желілермен қамтамасыз етуге және тұрғын үй құрылысын өрістетуге ерекше мән берілген. Атап айтқанда, өңірдегі автомобиль жолдарының сапасын жақсартып, жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 2031 жылға қарай 60,6 пайыздан 77,5 пайызға дейін жеткізу көзделген. Сонымен қатар бағдарламада 4 миллион шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қарастырылған. Бұл бастамалар ауылдардың инфрақұрылымдық әлеуетін арттырып, мамандарды ауылға тартуға және тұрғындардың тұрақтап қалуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған,-деді спикерлер.

Кездесу барысында Ащысай тұрғындары да ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салды. Бірінші кезекте халық санының азаюы алаңдаушылық туғызатыны айтылды. Тұрғындардың пікірінше, ауылдың болашағы үшін жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, елді мекеннің тұрмыс жағдайын жақсарту маңызды. Сондай-ақ ауылға жаңадан келетін мамандар мен қызметкерлерді, қоныс аударуға ниетті азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де күн тәртібінде тұр. Тұрғындар мұны ауыл халқының санын сақтап, демографиялық жағдайды тұрақтандырудың маңызды шарттарының бірі ретінде атап өтті. Бұдан бөлек, ауылішілік жолдарды күтіп ұстау, әсіресе қыс мезгілінде жолдарды қардан тазалау және қатынастың үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттігі сөз болды.

Ауыл тұрғындарымен өткен ашық кездесуде көтерілген мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасындағы ауылдық аумақтарды дамыту, тұрғын үймен қамту және инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарымен өзара сабақтастықта талқыланды.Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынды.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оставьте ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *