Биыл 10 сәуірден бастап республика аумағында халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өткізіледі.
Басты мақсат — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттармен жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл іс-шара ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығымен бекітілген заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыруы қағидаларына сәйкес жүргізіледі.Қару-жарақ заттарын ерікті тапсырғандарға республикалық бюджеттен қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген. Осы мақсатта республика бюджетінен Батыс Қазақстан облысына 3 млн. 036 мың. теңге бөлінген.
Атыс қаруы, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қабылдау Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің әрбір аумақтық полиция органдарында жүргізіледі. Департамент қызметкерлері жарақат алудың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдар және оқ-дәрілермен ешқандай іс-әрекет жасамауды, ешбір жағдайда оларды тасымалдауға әрекет жасамауды, полицияның кезкелген бөлімшесіне «102» не «112» телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды.Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылудан босатылады. Осы акцияға облыс тұрғындарын белсенді түрде қатысуғашақырамыз.
Сыйақы мөлшерін белгілеу кезінде комиссиялар қару-жарақ заттарының техникалық жай-күйін ескеріп,үш санатты қолданады. Бірінші санатқа жатқызылатынқарулар: пайдалануда болмаған және техникалық ақаулықтары жоқ қару;бұрын пайдалануда болған, бірақ көрінетін немесе жасырын ақаулықтары жоқ, тауарлық түрін жоймаған қарулар. Екінші санатқа жатқызылатын қарулар: пайдалануда болмаған не пайдаланылған, одан әрі пайдалануға кедергі болмайтын, оларды жоюды не тораптарын және тетіктерін ауыстыруға немесе қалпына келтіруге байланысты емес жөндеу жолымен жоюды талап етпейтін, жекелеген техникалық ақаулықтары немесе тауарлық түрінің ақаулары бар қарулар. Үшінші санатқа жатқызылатын қарулар: негізгі тораптарының, тетіктерінің, бөлшектерінің техникалық ақаулықтары болуы салдарынан одан әрі пайдалануға жарамсыз немесе пайдалану қауіпті, оларды жөндеу, қалпына келтіру немесе ауыстыру техникалық немесе экономикалық себептер бойынша орынсыз болатын қарулар.
Атыс қаруларының атаулары |
1-санатты |
2-санатты |
3-санатты |
Автоматты ойық ұңғылы қарулар үшін жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде |
252 500 теңге |
176 750 теңге |
75 150 |
Ұзын ойық ұңғылыатыс қаруы (винтовка, карбиндер )үшін елу айлық есептік көрсеткіш көлемінде |
126 250 теңге |
88 375 |
37 875 |
Қысқа ойық ұңғылы (тапанша, револьвер) атыс қаруы үшін қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде |
101 000 теңге |
70 700 |
30 300 |
Тегіс ұңғылы атыс қаруы үшін отыз айлық есептік көрсеткіш көлемінде |
75 750 теңге |
53 025 |
22 725 |
Жарақат салу тапаншасы немесе револьвер үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде |
25 250 теңге |
17 675 |
7 575 |
Ерікті түрде оқ-дәрілерін және жарылғыш заттарын тапсырғанда келесі сыйақы мөлшері белгіленеді:
— гранат, мина, жарылғыш құрылғылары және артиллериялық снарядтар үшін жеті айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (17 675 теңге);
— әрбір 1000 грамм жарылғыш заты үшін алты айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін (15 150 теңге);
— әрбір тапсырылған ойық қару патрондарына төленетін сыйақы сомасы:
калибрі 5,6 миллиметрден асатын ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің отыз бестен бір бөлігіне дейін (72,14 теңге) сыйақы;
калибрі 5,6 миллиметр (ұсақ калибрлі) ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жүз он бестен бір бөлігіне дейін (21,96 теңге) сыйақы беріледі.
Ал келесі заттар мен құралдарға сыйақы төленбейді:
1) криминалист-маманның қорытындысы негізінде атыс қаруы, оқ-дәрі немесе жарылғыш заттар болып табылмаған;
2) Қазақстан Республикасы ІІМ-нің АБДБ-да «Криминалдық қару» және «Тіркелген қару» есебінде тұрған бұйымдар мен заттарға;
3) қолдан жасалған оқ-дәріге;
4) тегіс ұңғылы, газды және жарақат салатын қаруға арналған патрондарға.
Сыйақы беру аумақтық ішкі істер бөлімдерінің қаржы қызметтері тарапынан тұрғындардан ақылы түрде тәркіленген атыс қарулары, оқ-дәрілер және жарылғыш заттарға бюджет шотынан аудару арқылы іске асырылады.
БҚО ПД баспасөз қызметі