Өз мүмкіндігіңізді байқап көріңіз

Сәуірдің 19-ы күні Оралда «Арыстан» мамандандырылған лицейіне оқуға түсуге ниеттіүміткерлерге арналған іріктеу емтиханы өтеді.

Ағымдағы жылдың 19 сәуірі күні «Арыстан» мамандандырылған лицейінің өкілі келіп, біріншікезең бойынша іріктеу емтиханын өткізеді. Іріктеу беспән бойынша жүргізіледі: математика, физика, қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі. Ендеше осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар, талапкерлер!

Атап айтқанда іріктеу емтиханы 19 сәуірде сағат 9.00-де Самал көшесі 72-үй мекенжайындағы №37 ЖОББ мектеп базасында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша Орал қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жолығуыңызға болады: 571-бөлме, анықтама телефондары 50-78-63, 53-86-60.

Сурет ғаламтордан алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *