Чемпионат өз мəресіне жетті

Сəуірдің 5-7 күндері N4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде айтулы шара өтті.

Қол күресiнен ерлер мен әйелдер арасындағы Батыс Қазақстан облысының жеке-командалық чемпионатына жеті команда қатысып, 150-ден астам спортшы сайысқа түсті.

Жарыста 2019 жылдың абсолюттік салмағы бойынша ерлер арасында Кабилов Қайсар жеңіске жетті. Екінші жəне үшінші орындарды Салимжанов Əділет пен Кабилов Рахат өзара бөлісті.

Ал әйелдер арасында бірінші орынды Қазтуғанова Жанна иеленсе, Бекеева Дана мен Қанатова Арайлым екінші, үшінші орындарды қанағат тұтты. Жеңімпаз спортшылар мен жүлдегерлер Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен медальдарымен жəне арнайы кубоктармен марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *