БҚО-да тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 үй берілді

 Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 тұрғын үй салынды.

Алғашқы тұрғын үйлердің кілттері 1 апта бұрын табысталған болатын.

Енді Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарында қалған үйлердің кілттері ауыл тұрғындарына берілді.

«Бүгін жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Президентімізге, үй салған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Енді мұндай жағдай болмасын елімізде. Ауылымыз көркейе берсін»— деді жаңа қоныс иесі Айдарханова Жаңыл.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 889 үй салынды. Оның 451-і Орал қаласында.  Сондай-ақ, Оралдағы Саяжай тұрғындарына демеушілер қаржысына 2 мыңнан астам үй сатып алынды.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *