Бүгін Орал қаласында ел тарихы үшін маңыздыкүні шаңырақ көтеріп, қол ұстасып дауыс беругекелген жас-жұбайлар көпшілікті сүйсінтті. Біререкшелігі отау құрған азаматтың мамандығы – энергетик. Мұрат пен Гүлзинаттың таныстығы Мұрат — Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы, ал Гүлзинат Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде еңбекеткен кезде басталыпты. Екі жас екі жылдан астамуақыт бірге жүріп, дәл осы референдум күнінекелерін қидыруға бекініпті.
Бір қызығы, тойды жоспарлаған кезде олар бұл күнмаңызды оқиға — атом электр станциясының құрылысы бойынша референдуммен сәйкескелетінін білмеді.
Отау құрған жастар той алдында алдыменреферендумға арнайы келген.
— Біздің шаңырақ көтеруіміз осындай айтулыдатамен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз. 5-10 жыл өткеннен кейін сайлау күні шаңырақкөтерген едік деп еске алып отыратын шығармыз. Референдумда дауыс беру – Қазақстанда тұратынәрбір азаматтың міндетті, парызы деп есептеймін. Себебі, біздің мемлекетіміздің болашағы, — дейдіжас жұбайлар.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қалада 130 сайлауучаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде — 14 жабықсайлау учаскесі.
Жабық сайлау учаскелері — қандай да бірсебептермен жалпы сайлау учаскелеріне келеалмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі жәнет.б. азаматтар үшін жұмыс істейді.
Жалпы Орал қаласындағы сайлаушылар тізіміне 444 428 мыңнан астам адам енгізілген.