2023 жылы сәуірдің 18-і күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Рафаэль Гроссини қабылдады. Кездесу барысында техникалық ынтымақтастықты нығайту және атом электр станцияларын салу мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы МАГАТЭ-нің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудағы және ядролық қауіпсіздік режимін нығайтудағы жетекші рөлін ерекше атап өтті.
Десе де кей сарапшылар Орталық Азияда атом станцияларын салу қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан қауіпті жоба деп санайды. Сонымен қатар, бұл реактордың құрылысшысы ондаған жылға созылуы мүмкін. Атом электр станциясының құрылысын қауіпсіз және коммерциялық тұрғыдан тиімді емес деп есептейтіндердің көбі белсенділер, экологтар бұл пікірмен энергетика саласының сарапшылары келіспейді. Мұндай реакцияны өткен ғасырда орын алған Чернобыль атом электр станциясы мен «Фукусима-1» атом электр станциясының реакторындағы апаттар қайталануы мүмкін едген қорқыныштан туындап отыр. Одан бөлек Семей ядролық полигонындағы сынақ салған естеліктер де халық жадынан кете қоймады. Әрине, кез-келген атом электр станциясын салу мәселесі мұқият зерттеуді, жан-жақты талдауды , пайдалану ережелерін мұқият сақтауды талап етеді. Қолданыстағы тәуекелдерге қарамастан, атом электр станцияларының құрылысы болашақ электр тапшылығы мәселесін шеше алады. Ал қорқыныш қашан да болады. Оның үстіне III және III + буындарындағы қазіргі заманғы атом электр станциялары белсенді және пассивті қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Пассивті қауіпсіздік жүйелері адамның араласуын қажет етпейді және реактордың өзегін балқыту сияқты апаттардың алдын алады. Бұл адам факторына тәуелділікті азайтады және станцияның жалпы қауіпсіздігін арттырады. Сонымен қатар, қазіргі заманғы атом электр станциялары реактордың негізгі параметрлерін нақты уақыт режимінде бақылайтын және ауытқуларға автоматты түрде жауап беретін күрделі бақылау және диагностикалық жүйелермен жабдықталған.
Атом электр станциясынан бөлек ел билігі қолданыстағы көмір станцияларын жаңғыртуды, жаңа газ станцияларын салуды, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін (жел және күн станциялары) дамытуды қарастыруда. Алайда, декарбонизацияға жаһандық үрдісті және Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерін ескерсек, ұзақ мерзімді перспективада көмір мен газға ғана сенім арту тиімсіз. ЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) тұрақсыз және ауа-райына байланысты шектеулері де болады. ЖЭК-пен байланысты атом электр станциясының құрылысы парниктік газдар шығарындыларының айтарлықтай төмендеуімен тұрақты және сенімді энергиямен қамтамасыз ете алады. Сол себепті, жан-жақты талданған, қажет деген барлық сараптамадан өткізіген, сенімді АЭС салу тәжірибесі бар ел тұрғызар болса, елімізге АЭС қажет.
Түгелбай Бисен
«Орал Өңірі»