9-13 маусым аралығында мұнай өлкесі – Атырау қаласында «Каспий құбыр консорциумы-К» АҚ қолдауымен ұйымдастырылған «Jas tolqyn» облыстық жас таланттар байқауының екінші кезеңі өтті.
Биыл байқауға Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан өңірлердің облыстық маңызы бар қалалардан, шалғай ауылдар мен аудан орталықтарынан 1200 бала қатысты. Оның ішінде іріктеуден өткен 350 қатысушы Атырауда бақ сынады. Ал бүгін жеңімпаздардың есімдері белгілі болды. Гран-при жеңімпаздары осы жылдың соңында Мәскеуде өтетін «КҚК-Дарынды балаларға» халықаралық байқауына жолдамаларын алды.
«Аспаптық жанр» номинациясында бірнеше қатысушы Гран-при иегерлері болып таңдалды:
- «Ансамбльдер» санаты – Атырау қаласының «Presto» шертершілер ансамблі (жетекшісі Тәжіғалиев Қыдыркелді);
- «Классикалық» санаты 12-14 жас – атыраулық пианист Жолдасқали Жарқынай (жетекшісі Ольга Поплевина);
- «Халық аспаптары» санаты 12-14 жас – Атырау тумасы домбырашы Өміржан Әлішер (жетекшісі Танашева Әлия).
«Дәстүрлі ән өнері» номинациясы бойынша үздіктер анықталды:
- 12-14 жас аралығындағы орта топ – Атырау қаласынан Құдайберген Фариза (жетекшісі Алпысбесова Ризагүл);
- 15-18 жас аралығындағы жоғары топ – Ақтөбе қаласынан Санбаев Айбар (жетекшісі Қабылов Дастан);
- 12-14 жас аралығындағы орта топ (Ансамбльдер) – Батыс Қазақстан облысының «Телқоңыр» дәстүрлі ән ансамблі (жетекшісі Жұмағалиев Дәурен).
«Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иегерлері:
- 9-11 жас аралығындағы кіші топ – Ақтөбе қаласынан Бисенбаев Ақылбек (жетекшісі Шәкіров Әкімжан);
- Ортаңғы топ 12-14 жас – Атырау қаласынан Мұстафа Нұрлы (жетекшісі Бердіғали Жұлдыз).
«Көркем сөз» номинациясы бойынша Маңғыстау облысы, Түпқарған ауданы, Таушық ауылынан келген Санақбай Ұлдана (жетекшісі Аратқызы Хиуаз) бас жүлдені жеңіп алды.
«Хореография» номинациясы бойынша Гран-при жеңімпаздары мен иегерлері Атырау облысы Құлсары қаласының «Жем аруы» би ансамблі (жетекшісі Шегенбаева Мағрипа) болды.
Қорытынды күні ұйымдастырушылар, қазылар алқасы мүшелері және байқау жеңімпаздарының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Өнер мерекесінің жарқын шарықтау шегі 13 маусым күні облыстық халық шығармашылығы орталығының сахнасында өткен Гала-концерт болды. Байқаудың басты шарасына «Jas tolqyn» Гран-при жүлдегерлері мен жеңімпаздары қатысты.