Орал қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің
жауынгерлері қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде қырағылық танытты.
Патрульдік топ бастығы қатардағы Қайдаров Жандос өзінің серіктестерімен бірге өзіне берілген аймақта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жауынгерлік қызметін атқарып жүреді. Кешкі сағат 21.05 шамасы кезінде қала көшелерінің біріндегі көп қобатты үйдін жанында тұрған белгісіз бір азамат жасаққа күдік туғызады. Патрульдік топ бастығы қатардағы Қайдаров Жандос өзіне күдік туғызған азаматтың қасына барып өзін таныстырып сыртқы тінту жұмыстарын жүргізеді. Тексеріліс аясында күдіктінің сырт киімінің тиым салынған суық қару табылды. Ұландықтар оқиғаны дереу әскери жасақ кезекшісіне баяндап, күдіктіні Орал қаласының Полиция басқармасына жеткізді. Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталуда.
ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі